Будапештте мұғалімдер шеруі жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Будапештте мұғалімдер шеруі жалғасып жатыр

06.10.2022

Венгрия астанасы Будапештте мұғалімдер шеруі жалғасып жатыр. Өткен тәулікте оларды қолдап мыңдаған адам демонстрацияға шығып, парламент ғимараты жанындағы көпірді бөгеді. Манифестанттардың ішінде оқушылар мен ата-аналар бар.

Мұғалімдер биліктен жалақыны көбейтуді, кадр тапшылығы мәселесін шешуді және өздерінің ереуіл жариялау құқығын бұзбауды талап етіп жатыр.

Айта кетсек, сәуірдің 3-де төртінші мерзімге сайланған ұлтшыл премьер-министр Виктор Орбан инфляция екі таңбалы санға жетіп, экономика рецессияға ұшырап жатқандықтан, қазір қиын жағдайға тап болып отыр. Оның үкіметі мұғалімдердің айлығын Еурокомиссия Венгрияны қаржыландыруды қайта жалғастырғанда ғана көтеретінін мәлімдеді. Айта кетсек, Еуропа одағының қалпына келтіру қоры бұл мемлекетке ақша бөлуді заң үстемдігін қорғауға қатысты даудан кейін тоқтатқан еді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу