Грекияда мұғалімдер шеруі қақтығысқа ұласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда мұғалімдер шеруі қақтығысқа ұласты

15.01.2019

Грекияда мұғалімдер шеруі полициямен қақтығысқа ұласты. Білім саласының қызметкерлері соңғы бір аптада осымен екінші рет көшеге шығып отыр. Олар жұмысқа алу тәртібінің өзгеруіне наразы.

Жалпы алғанда, 24 сағаттық ереуілге үш мыңдай адам шыққан. Олар парламент алдына жиналып, өздерін елде қалған жалғыз оппозиция деп атады. Айтуларынша, заң өзгеріске ұшыраса, мұғалімдерге жұмыс орындарын сақтап қалу қиынға соғуы мүмкін.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу