Мадридте таски жүргізушілерінің шеруі жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мадридте таски жүргізушілерінің шеруі жалғасып жатыр

28.01.2019

Бүгін олар қаланың негізгі көшелерінің бірін бөгеп, көлік қатынасын қиындатты. Ереуілшілер «Убер», «Кабифай» тәрізді онлайн-такси қызметтеріне наразылық білдіріп жатыр. Олардың айтуынша, интернет арқылы шақыртылатын таксилер ережеге бағынбай, бағаны түсіріп жіберген. Үкімет мұндай тасымалдаушы компанияларға өз ережелерін Испания заңына сәйкестендіру туралы уақыт бергенін мәлімдеп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу