Ж.Дайрабаев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізді
«Ауыл» партиясы Президенттікке кандидат ретінде ұсынған Жигули Дайрабаев бүгін Орталық сайлау комиссиясына заңда талап етілетін жеті құжатты тапсырды. Комиссия мүшелері әрбір құжатты жіті тексеріп, қабылдағаны туралы хаттама толтырды. Яғни үміткер тексерудің келесі кезеңіне өтеді. Жигули Дайрабаев 1954 жылы туған. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын агроном мамандығы бойынша бітірген. Бүгінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумы жанындағы агроөнеркәсіптік кешен комитетінің және Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы қызметін атқарады.
Жигули Дайрабаев ҚР президенттігіне үміткер:
Толық тіркеуден өткеннен кейін біз әлі бұдан кейін емтихан тапсыратын түріміз бар. Осының бәрінен өтіп Орталық сайлау комиссиясы маған мүмкіндік беретін болса, ары қарай үгіт-насихат жұмысын дұрыстап қолға алып, елді мекендерді аралап сайлаушылардан дауыс сұраймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экологиялық әдеттер бала кезден басталады
04.03.2026, 20:56
«Қазгидромет»: 5 өңірде тасқын қаупі жоғары
04.03.2026, 20:24
Референдум: Ашықтық пен заңдылық – басты назарда
04.03.2026, 20:22
Алимент шет елде жүрген борышкерлерден де өндіріледі
04.03.2026, 20:21
Геосаяси жағдай Қазақстан-Иран саудасына әсер етуі мүмкін
04.03.2026, 20:16
Көшбасшы әйелдер жаңа Конституция жобасын қолдады
04.03.2026, 20:15
Сенат төрағасы БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісімен кездесті
04.03.2026, 20:14
Телекөпір арқылы жаңа Конституция жобасы талқыланды
04.03.2026, 20:13