Мемлекет басшысы Халықаралық баскетбол федерациясының президентін қабылдады
Қазақстанда 3×3 форматындағы баскетболға келешегі зор бағыт ретінде қызығушылық артып келеді. Халықаралық баскетбол федерациясының президенті Сауд Али Әл-Тәниді қабылдауы кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Әңгімелесу барысында Президент FIBA-ның отандық баскетболға көрсеткен қолдауын жоғары бағалап, Қазақстан Ұлттық баскетбол федерациясының отырысына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. Федерация президенті Мемлекет басшысына елімізде аталған спорт түріне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, Ұйымның баскетболды одан әрі дәріптеуге бағытталған жоспарымен бөлісті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы баскетболды дамытуға үлес қосқаны үшін Сауд Али Әл-Тәниді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04