Басты Жаңалықтар ОСК партияларға депутаттық мандаттарды бөлді

ОСК партияларға депутаттық мандаттарды бөлді

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауының түпкілікті қорытынды нәтижесін жариялады. Саяси науқанды өткізуге жауапты орган төрағасы дауыс беру күні 9 миллион 300 мыңнан астам азамат таңдау жасағанын, бұл наурызда өткен референдумнан 200 мыңға көп екенін айтты. Жиын барысында 5 пайыздың межені еңсерген 5 партияға депутаттық мандат бөлінді. Оның ішінде «Әділет» партиясына 110, «Ауыл» партиясына 10, «Республика» партиясына 9. «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға 8 орыннан берілді.

Ал Қазақстан халық партиясы мен Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы шекті дауыс жинай алмағандықтан, мандатсыз қалды. Енді саяси ұйым басшылары алдағы 5 күннің ішінде депутаттар тізімін Орталық сайлау комиссиясына ұсынуы керек. Құрамында әйелдер, жастар мен мүгедектігі бар азаматтар үлесі 30 пайызды құрауы шарт.


Бөлісу