«Бақытты отбасы» бағдарламасынан толық емес отбасы санаты алынып тасталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бақытты отбасы» бағдарламасынан толық емес отбасы санаты алынып тасталды

03.10.2022

Осы мәселе бүгін Елордада өткен брифингте талқыланды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметі бойынша, енді «Бақытты отбасы» бағдарламасына толық емес отбасы санатындағылар қатыса алмайды. Себебі, баспаналы болу үшін әдейі ажырасып жатқандар көбейген және олар әлеуметтік осал топқа жататын азаматтардың жартысынан көбі. 35 пайызы - жеңілдетілген қарыз алып үлгерген. Есесіне басқа да әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларды баспанамен қамту баяу жүріп жатыр. Сондықтан «Бақытты отбасы» бағдарламасындағы жеңілдікке жетім балалар, 1-2 топтағы мүгедектігі барлар ғана ие болады.

Бауыржан Қабдол, ҚР ИИДМ Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары:

Жүргізілген мониторинг «Бақытты отбасы» іске қосылған сәттен бастап, әкімдіктерде толық емес отбасы санаты бойынша кезекке тұрғындар саны 61,6 мың адамға яғни 72% артқанын көрсетті. Бұл басқа үй кезегінде тұрғандар үшін тең емес жағдай тудырды.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу