Жалғызілікті аналардың «Бақытты отбасы» бағдарламасына не себепті қатыса алмайтыны белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалғызілікті аналардың «Бақытты отбасы» бағдарламасына не себепті қатыса алмайтыны белгілі болды

03.10.2022

Елімізде депозит бойынша мемлекеттік өтемақы алуға өтініш қабылдау басталды. Бұл қаржылық қолдауға несие жинап жатқан, әзірге баспана алмаған азаматтар қатыса алады. Сонымен бірге «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысудың да талаптары өзгерді.

Сәбит Әлдебай, тілші:

Енді «Бақытты отбасы» бағдарламасынан толық емес отбасы санаты алынып тасталды. Себебі, бағдарлама басталғалы ажырасқандар саны көбейіп кеткен. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мамандары мәліметінше, әлеуметтік осал топқа жататын азаматтардың 50%-дан астамы толық емес отбасылар құраған. Оның 35%-ы жеңілдетілген қарыз алып үлгерген. Есесіне басқа да әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларды баспанамен қамту баяу жүруде. Сондықтан бұл бағдарламаға жетім балалар, 1-2 топтағы мүгедектер енгізіліп отыр.

Бауыржан Қабдол, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары:

Жүргізілген мониторинг «Бақытты отбасы» іске қосылған сәттен бастап, әкімдіктерде толық емес отбасы санаты бойынша кезекке тұрғындар саны 61,6 мың адамға яғни 72% артқанын көрсетт Бұл басқа үй кезегінде тұрғандар үшін тең емес жағдай тудырды.

Сәбит Әлдебай, тілші:

Бүгінде еліміз бойынша 621 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Оның ішінде 432 мыңы әлеуметтік осал топтағы азаматтар. Қазір баспанаға мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтудың концепциясы жасалуда. Ал, «Отбасы банк» салымшылары өтемақы алу 2023 жылдың бірінші қаңтарына дейін жалғасады. Ол үшін «Отбасы банк»-тің порталына кіріп өтініш беріп, құжаттарға қол қойса жеткілікті.

Сәбит Әлдебай


Хабарламаларға жазылу