Биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы 5000 пәтер беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы 5000 пәтер беріледі

14.04.2021

Биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы 5000 пәтер беріледі. Оған 50 млрд теңге бөлініп отыр. Осы аптадан бастап бағдарламаға қатысу үшін сайт арқылы онлайн өтініш қабылданып жатыр. Қазірдің өзінде 23 мыңнан аса өтініш түсті. 20 мыңға жуық адамның құжаттары бағдарлама талабына сәйкес келген. Ал 3200-ден аса азаматтың өтініші қабылданбады. Олардың 500-і тіпті үй кезегіне тізімде жоқ адамдар болып шықты. Еске салайық, «Бақытты отбасы» арқылы тек көпбалалы немесе мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған жанұя және толық емес отбасы қатыса алады.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу