Зеленский Украинаны жедел түрде НАТО-ға қабылдау туралы өтінішке қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зеленский Украинаны жедел түрде НАТО-ға қабылдау туралы өтінішке қол қойды

01.10.2022

Ресей Украина аумағының 15 пайыздан астамын өзіне қосқанын жариялағаннан кейін Батыс мемлекеттері Мәскеуге қарсы жаңа санкция жариялады. Солардың қатарында АҚШ, Ұлыбритания, Канада бар.

Президент Владимир Путин мен оккупацияланған аймақтардың жетекшілері Украинаның Донецк, Луганск, Запорожье Херсон облыстарының Мәскеудің бақылауға өткені туралы келісімге жұма күні қойды. Айта кетсек, Ресей армиясы бұл аймақтардың ешқайсысын толық басып ала алмады.

Путиннің сөзінше, Ресей Федерациясының құрамына өту туралы таңдауды жергілікті халық өзі жасады. Алайда, ресми Киев те, Батыс та бұл туралы референдумдарды жалған әрі заңсыз деп атап, олардың қорытындысын мойындамайтынын ескертіп отыр.

Осындай шақта президент Владимир Зеленский Украинаны жедел түрде НАТО-ға қабылдау туралы өтінішке қол қойды. Дегенмен, Солтүстікатлантикалық одақ жетекшілігі де, АҚШ әкімшілігі де бұл арызды дереу қанағаттандыруға келіскен жоқ.

НАТО мен Вашингтон бүгінше Украинаны Ресейден қорғау үшін Киевті әскери және қаржылай қолдаумен ғана шектелетінін аңғартып отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу