Елордада балалардың құлағына кохлеарлық имплант қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада балалардың құлағына кохлеарлық имплант қойылды

01.10.2022

Елордада есту қабілеті нашар балалардың құлағына кохлеарлық имплант қойылды имплант қойылды. Күрделі операцияны Мәскеудегі ото-ларингология медициналық зерттеу орталығының професссоры мен отандық мамандар бірлесіп жасады. 60 дәрігер шеберлік сабағына онлайн түрде қатысты. Операция барысында медицина мамандары имплантты орналастырудың әдіс-тәсілі мен есту қабілетін қалыпқа келтіру бойынша тәжірибе алмасты. Шетелдік дәрігер жылына орташа есеппен 500 адамның құлағына операция жасайтынын айтты. 

Хассан Диаб, Ресей Ұлттық отоларингология медициналық зерттеу орталығы директорының орынбасары, профессор:
Бұл лорхирургияда жасалатын маңызды операцияның бірі. Саңырау болып туылған немесе өсе келе есту қабілетінен айырылған балаларды имплант арқылы қалыпты өмірге қайтарамыз. Егер, есту қабілеті бұзылған болса, біз басқа құрылғыларды да пайдаланып көреміз.

Он бес жылдық тәжірибесі бар маманның айуынша, мұндай отаның құны 6 жарым миллион теңгеден асады . Ал, астаналық Жазира Орынбаеваның 2 жасқа таяған баласына операция міндетті әлеуметтік медициналық қор тарапынан тегін жасалды. Оған дәрігерлер есту қабілеті жоғалуының 4 дәрежесі диагнозын қойған. Ол бұған дейін үлкен қызына да осындай ота жасатқанын жеткізді. Нәтижесі жақсы, дейді.

Жазира Орынбаева, Астана қаласының тұрғыны:
Осындай мүмкіндік болғандықтан, қорқыныш сезімі болса да нәтиже болғандықтан екінші баланы да отаға әкелдік. Осындай кохлеарлық импланттың арқасында баламыздың есту мүмкіндігі бар екеніне өте қуаныштымыз.

Хабарламаларға жазылу