М.Әуезов атындағы драма театры мен мемлекеттік қуыршақ театры жаңа маусымын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

М.Әуезов атындағы драма театры мен мемлекеттік қуыршақ театры жаңа маусымын бастады

08.10.2018

Маусым шымылдығын Мұхтар Әуезовтың шығармаларымен ашып, заңғар жазушының туындыларымен қорытындылайтын Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театры «Абай» трагедиясымен өзінің 93-ші маусымын бастағалы отыр.

Бұл маусым да ұмытылмас жылу кездесулер мен тұсаукесулерге толы болады. Өткен маусым театр үшін аса табысты болды. Өнер ұжымы Арқалық қаласы мен Ақтөбе, Орал облыстарында, Жапон елінде сапарда болып, Францияда, Арменияда өткен Халықаралық театрлар фестивалінде өнер көрсетті. 

Осы маусымда да бірнеше жаңа қойылым жоспарланып отыр. Театрға өзіндік қолтаңбасымен көзге түсіп жүрген жас режиссерлар шақырылған.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу