Таразда базар өртенді
Бүгін таңертең Тараз қаласында өрт шықты. Қызыл жалын қаладағы ірі базарлардың бірін шарпыған. Тілсіз жау Мәмбет батыр көшесіндегі «Береке» базарының асханасы мен сауда дүңгіршегінен басталған. Таңғы сағат 7-ден аса күшейген өрт, қою қара түтінге ұласты. Жалынды сөндіруге 56 төтенше жағдай қызметкері мен 13 техника жұмылдырылды. Мамандардың айтуынша өрттен 22 сауда орыны күлге айналған. Қызыл жалын жалпы алғанда 600 шаршы метірдей аумаққа жайылған. Төтеншеліктер бір сағаттың ішінде тілсіз жауды сөндіріп үлгерді. Абырой болғанда өрттен зардап шеккендер жоқ. Қазір арнайы мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген
18.12.2025, 20:54
Әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынап жатыр
18.12.2025, 20:50
Әлем жаңалықтарына шолу
18.12.2025, 20:15
Отандық арналар Түркияда хабар таратады
18.12.2025, 20:14
Қонаев қаласында дауыл салдарынан бүлінген нысандар қалпына келтірілді
18.12.2025, 20:14
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті
18.12.2025, 20:09
Түркістанда көпір қирап, қатынас үзілген соң оқушылар онлайн оқып жатыр
18.12.2025, 20:09
Автосақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы мөлшері екі есе өседі
18.12.2025, 20:08