Жамбылда 130 келі марихуанамен екі ер адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда 130 келі марихуанамен екі ер адам ұсталды

12.07.2022

Жамбылда 130 келі марихуанамен екі ер адам ұсталды. Полицейлер күдіктілерді «Қарасора-2022» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы кезінде анықтаған. Байзақ ауданының құмды аймағында 31 және 36 жастағы екі тұрғыны марихуана жинау сәтінде қолға түскен. Аумақты тінту кезінде олардан 133 келі кептірілген есірткі тәркіленді. Сондай-ақ, жабайы қарасораны шабуға арналған екі орақ табылды. Күдіктілер кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды.

Хабарламаларға жазылу