«Мектептегі шахмат» жобасы жүзеге асады
Қазақстанда «Мектептегі шахмат» жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы мемлекет басшысы Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичті қабылдау кезінде айтты. Президенттің сөзінше елдегі 7 мың шахмат секциясын екі есе көбейту керек. Қазір ел бойынша шахматпен 200 мыңнан аса адам айналысады. Бұл спортты қолдауға баса мән береміз деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Аркадий Дворкович мемлекет басшысына Астанада гран-при әйелдер сериясының бірінші кезеңінің өткізілуі туралы мәлімет берді. Сондай-ақ федерация шахматты мектеп бағдарламасына енгізу жөніндегі тәжірибесін бөлісуге дайын екенін жеткізді.
Саламат Омаш
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12