«Үлкен опера» телевизиялық байқауының жеңімпазы Салтанат Ахметова елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Үлкен опера» телевизиялық байқауының жеңімпазы Салтанат Ахметова елге оралды

01.12.2014
«Үлкен опера» телевизиялық байқауының жеңімпазы Салтанат Ахметова елге оралды

Әнші ұшақтан түсісімен БАҚ өкілдерімен байқаудан алған әсері туралы ой бөлісті.

Ол «Ауқымды шарадан жүлделі ораламын деп ойламадым. Себебі, қарсыластарымның ешқайсысы осал емес», - дейді.

Салтанаттың айтуынша, бұл жүлде оның өзіне деген сенімділігін арттырған.

Сонымен қатар, опера жұлдызы жеңісін Мемлекет басшысына арнайтындығын айтты.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу