Батыс Қазақстанда бір тәулікте 200-ден астам Ресей азаматы ЖСН алуға өтініш берген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда бір тәулікте 200-ден астам Ресей азаматы ЖСН алуға өтініш берген

28.09.2022

Батыс Қазақстанда бір тәулікте 1200-ден астам Ресей азаматы ЖСН алуға өтініш берді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұзын-сонар кезекті азайту үшін Оралда шетелдіктерді қабылдайтын бөлімшелердің мекен-жайы өзгертілді. Күшейтілген тәртіппен жұмыс істеген бөлімшеде қабылдау тоқтатылып аумағы жағынан үлкендеу ғимаратқа ауысты. Қосымша жұмыс үстелдері қойылып, қызметкерлер тартылды. Жалпы өңірде ахуал тұрақты, Ресейден келушілер бақылауда, дейді жергілікті билік өкілдері . Соңғы мәлімет бойынша, облыс аумағындағы шекарадан 17 мыңдай Ресей азаматы өткен.

Надир Құрымбаев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» облыстық филиалының директоры:

Ресей азаматтарының басым бөлігі ЖСН алуға өтініш беруде. ЖСН алу үшін шетелдіктерден жеке басын куәландыратын құжат талап етіледі. Ал көрсетілетін қызметті алушының ресми өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат пен өтініші қажет болады. Шетелдіктер үшін ЖСН куәлігін беру мерзімі – 1 жұмыс күнін құрайды.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу