Павлодар облысына 11 мың ресейлік азамат келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысына 11 мың ресейлік азамат келді

27.09.2022

Алматының Халыққа қызмет көрсету орталығы бүгіннен бастап күшейтілген жұмыс кестесіне ауысты.

Ресейден келген азаматтарға Жетісу ауданында орналасқан орталық қана, сәйкестендіру нөмірін береді. Көрші елдің тұрғындары алдын-ала онлайн талон алып, кезекте тұр. Халыққа қызмет көрсету орталығының мәліметінше, түске дейін 500-ден аса азамат жеке сәйкестендіру нөмірін алуға өтініш берген. Қызмет алушылар үшін 50 орынды күту залы қарастырылған.

Арман Қырықбаев, қала әкімінің орынбасары:

Көршілес Ресейде мобилизация басталғалы бері қаламызға 5066 Ресей азаматы келген. Және осы уақыт аралығында олардың 4172-сі қала аумағынан тысқары шығып кеткен. Ең алдымен көршілес Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне. Олардың қалғаны 894. Бүгінгі таңда бізге белгілісі. Яғни, нақты ресми тіркеуде тұрғаны.

Ал, Павлодар облысына 13 мыңдай ресейлік келген. Полицияның мәліметінше, олардың 480-і ғана тұрақты мекен жай бойынша тіркеліпті. Басқалары өзге өңірлерге кетті ме, қалды ма, белгісіз. Қазір шаһардағы қонақ үйлер мен хостелдерде бос орындар бар. Шекарадан өткізу бекеттері мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарында иық тіресіп кезек күткен адам нөпірі жоқ. Жеке сәйкестендіру номерін алған ресейліктер саны 1 мыңнан асады. Олардың негізгі бөлігі, яғни, 580 адам кеше өтініш берген.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу