Маңғыстаудағы ХҚКО-лар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаудағы ХҚКО-лар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр

28.09.2022

Маңғыстау облысындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарына Ресейліктер тарапынан жаппай қызмет алуға жүгіну тіркелмеген. Облыс бойынша 10 орталықта шет ел азаматтарына қызмет көрсетіледі. Оның 3-еуі Ақтауда орналасқан. Күніне шамамен 300-ден астам адам тіркеледі. Ал Ресей азаматтарының басым бөлігі ЖСН алуға өтініш беруде.

Манарбек Сейілов, “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” АҚ МОФ директорының орынбасары:

Өзімізге тиісті қызметті штаттық режимде атқарып жатырмыз. Бұрын қалай қазір де солай орындап жатырмыз. Ресейден келген азаматтардың басым бөлігі халыққа қызмет көрсету орталықтарына ИИН алу үшін жүгінеді. ИИН алу ақысыз, бір күн бір жұмыс күні ішінде алады.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу