«М.Әуезовтің мұрасын бүкіл әлемдік өркениет тұрғысынан қарастыру керек», - дейді шетелдік ғалымдар. Оның бір ғана шығармасы «Абай жолы» роман-эпопеясы күллі адамзаттың болмысын суреттеп, сол кездегі қоғамдағы маңызды мәселелерді көтерген. Сондықтан да ұлы жазушының бұл туындысы әлемнің 116 тіліне аударылып, оқырмандар арасында кеңінен танылды. Жазушының 125 жылдық мерейтойына орай Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан және Голландия сынды 10 елдің әдебиеттанушылары арнайы конференция ұйымдастырып, жаңадан басылған бірнеше кітаптың тұсауын кесті.
Кенжехан Матыжанов – М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас директоры:
Бір конференциямен жаңалық аша қою қиын. Бірақ, Әуезовтің шығармашылығын тарату, олардың ірі тұлғаларымен салыстыра зерттеуге негіз салатын конференция болады деген ойдамыз. 03:38 Осы уақытқа дейін біз М.Әуезовті орыс әдебиетінің шекпенінен шыққан деген көзқараста болдық. Сол кездің өзінде Әуезов әлемдік әдебиетті өте жетік білген және ислам мәдениетіне де өте жетік болған.