Президент Владимир Путин Украинадағы оккупацияланған территорияларды Ресейге қосу туралы мәлімдемені қыркүйектің 30-да парламент палаталарының алдында жасамақ. Мұны бүгін британ барлаушылары хабарлады. Ал, «Ведомости» газетінің дерегінше, Луганск, Донецк, Запорожье, Херсон облыстарының Ресей басып алған бөліктері Қырым Федералдық округіне түбектің өзімен бірге кіргізіліп, оны «Роскосмостың» бұрынғы жетекшісі Дмитрий Рогозин басқармақ.
Айта кетсек, бүгін аталған аймақтарда Ресейге қосылу туралы референдум аяқталып жатыр. Олардың ешқайсын Ресей армиясы толық басып ала алмады. Соған қарамастан, Мәскеу дауыс беруге қатысқандардың саны рекордтық деңгейге жеткені айтып отыр.
Украина президенті Владимир Зеленский болса, бұл референдумнан кейін Кремльмен дипломатиялық келіссөздердің мүлде тоқтайтынын ескертті.
Арыстан Рысбек