Алдағы кезектен тыс Президент сайлауы халықты біріктіруге бағытталған. Әр азамат қазіргі әлемдік ахуалды ескере отырып, елдің болашақтағы бағыты мен нақты жоспарын анық түсінуі қажет. «Ал Мемлекет басшысын бір реттік мерзімге сайлау – барлық саладағы реформаларды жүзеге асыруға қажетті уақыт пен сенім мандаты», - дейді қоғам өкілдері.
Бір реттік сайлау дамыған мемлекеттердің арасында бар. Сол үшін бұл өзгерісті дұрыс қабылдаймын мен өзім. 7 жыл жұмысын атқарып, халқына адал қызмет етіп, қазақтың білімді ұрпақтары бар ғой, соларға өз орнын берген өте дұрыс деп ойлаймын. Бұл билікті монополизациядан сақтайды.
Бала тәрбиесіне - ана жауапты. Отбасы тәрбиесіне - жолдасы жауапты дегендей сондықтан баламның қасында анасының көп болғанын қалаймын, осы маған ұнағаны. 2023 жылдан бастап аналар үлкен қамқоршылық жасап жатыр. Әлеуметтік қолдау білдіріп жатыр. Сол жүзеге асады деген сенімдемін.
Бір реттік 7 жылға сайлау, бір адамның қайта Президент болып сайланбау деген ұсынып отырған нормалары бүгінгіге тиімді норма деп есептейміз. Үмітпен қарауымыз керек қалай болғанда да.
Заман көшінен қалмастан өзгерістер жасау керек. Сондықтан бір реттік мерзім Қазақстанға үлкен өзгерістер әкеледі деген ойдамыз.