Талдықорғанда алимент бойынша қарыз 318 млн теңгеге жеткен
Талдықорғанда алимент төлеуден жалтарғандарды анықтау және борышын өтеу шарасы басталды. Қазір 7 мыңға жуық іс өндірісте жатыр. Тұрғындардың берешегі 318 млн теңгеге жеткен. Прокуратураның араласуымен 2 мыңдай адамнан 40 млн теңге қаржы өндірілді.
Жеке сот орындаушылар мен тәртіп сақшылары берешегі бар көлік иелерін тоқтатып, заң аясында қаржыны қайтару жұмыстарын бастады. Сондай-ақ алимент төлемей жүрген әкелерді іздестіру мақсатында үй-үйді аралау жүріп жатыр. Борышкерлерге қатысты 29 әкімшілік және бір қылмыстық іс қозғалды. 45 азаматқа іздеу жарияланған.
Бағдат Семеев, қала прокурорының орынбасары:
Азаматтардың барлықтарының қарызды өтеуге мүмкіншілігі жоқ. Дегенмен біз әкімшілікпен бірлесе отырып, осы азаматтарға жұмыс орынын ұсынып жатқан жөніміз бар. Қазіргі уақытта 51 адам жұмысқа орналастырып, өздерінің берекшетерін өтеумен айналысып жатқан жөндері бар.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03