Ижевскіде мектептегі атыстан 13 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ижевскіде мектептегі атыстан 13 адам қайтыс болды

26.09.2022

Ресейдің Ижевск қаласындағы мектептердің бірінде атыс ұйымдастырған қаскөй 13 адамды ажал құштырды. Тағы 20-сы түрлі деңгейде жарақат алған. Тапа тал түсте бірнеше адамды қырып салған 34 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Индира Бегайдар, тілші:

Жарақат алған мұғалімдер мен оқушылардың жағдайы орташа және ауыр деп бағаланып отыр. Оқ жарақатынан бөлек, сүйектері сынған. Өйткені оқушылар жоғары қабаттың терезесінен қашып кетуге тырысыпты. Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі Мәскеуден Ижвескіге дәрігерлерді жіберді.

Күдікті Артем Казанцев осы мектептің түлегі, психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Ол білім ұясына екі мылтықпен келген. Қылмыс жасауға алдын ала дайындалғаны мәлім болды. Өйткені әр оқта қызылмен жазылған «жек көремін» деген жазу болған. Қаскөй алдымен мектеп күзетшісі мен екі мұғалімді атқан. Тіпті бірінші сынып оқушыларын да аямапты. Бірнеше қабатты кезіп өткен соң өзін-өзі өлтірген. Бұл оқиғаға байланысты Удмуртия Республикасында үш күнге қаралы күн жариялады.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу