Еліміздің барлық көлік инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің барлық көлік инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп тұр

24.09.2022

Елдегі барлық көлік инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Пойыз, ұшақ, автобустар арқылы жолаушыларды тасымалдауда кедергі жоқ. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми өкілі Жанжігіт Омархан мәлімдеді.

«Соңғы күндері Ресей азаматтарының көршілес мемлекеттерге жаппай көшуі негізгі тақырыптың бірі болып тұр. Әлеуметтік желілерде шекаралық өткізу бекеттерінде ұзын-сонар кезек жайындағы түрлі ақпараттар таралуда. Республикалық маңызы бар көлік жолдарындағы қазіргі жағдай мен ондағы қозғалыс қарқындылығы да алдыңғы апталардағыдай қалыпты деңгейде», - делінген жазбада.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу