Ақтөбедегі жағдай: Теміржол вокзалы мен әуежай жұмыс істеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбедегі жағдай: Теміржол вокзалы мен әуежай жұмыс істеп тұр

09.01.2022

Ақтөбеліктер де қалыпты өмірге оралды. Облыс және аудан әкімдіктері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Өңірде дәрі-дәрмек, азық-түлік қоры жеткілікті. Теміржол вокзалы мен әуежай қалыпты жұмыс істеп тұр. Қоғамдық көлік жүріп жатыр. Облыстың аудандары мен Ақтөбе қаласына кіре берісте блокбекеттер жұмыс істеп тұр. Көліктердің барлығы жіті тексерілген соң ғана өткізіліп жатыр. Ол жерлерде үлкен кезек жоқ. Себебі кеше жауған қар аралас жаңбырдың соңы көктайғаққа ұласып, көлік қозғалысы азайған. Ақтөбеліктер коменданттық сағат режиміне түсіністік танытып отыр. Бұл шаралар өзіміз үшін қажет дейді, дегенмен коменданттық сағат енгізілген алғашқы күні режимді бұзған 400-дей адам анықталған.

Газ құю бекеттері тегіс жұмыс істеп тұр ма?

Ол жерлерде ешқандай кезек байқалмайды. Себебі газ құю бекеттерінің көбі жұмыс істеп тұр. Сұйытылған отынның әр литрі 50 теңгеден сатылып жатыр.


Хабарламаларға жазылу