Құлсарыда 3 мың орынға шақталған заманауи үлгідегі стадион ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құлсарыда 3 мың орынға шақталған заманауи үлгідегі стадион ашылды

23.09.2022

Әлеуметтік нысан «Игілік» бағдарламасы аясында демеушілер есебінен салынды. Спорт кешенінде, қысқы уақытта жаттығу үшін арнайы жабдықталған жабық стадион мен бассейн және асхана бар. Қосалқы нысанда жыл бойы бірнеше спорт түрінен сабақ өткізуге мүмкіндік бар. Осының нәтижесінде мұнда бір уақытта 250 адам спортпен шұғылдана алады.

Нұраддин Жолдасов, таэквандодан спорт шебері:

Бұрын бізде мұндай заманауи стадион салынбаған. Көп рақмет айтамыз, осындай стадион салып бергеніне. Осы стадионнан болашақ чемпиондар көп шығуына үлкен үлес қосуға міндеттіміз.


Хабарламаларға жазылу