Семейде коронавирус жұқтырғандарды емдейтін емхана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде коронавирус жұқтырғандарды емдейтін емхана ашылды

02.08.2021

Семейде коронавирустық инфекция жұқтырғандарды емдеуге арналған жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды. Медициналық мекеме 300 орынға шақталған. Жансақтау бөлімінде 20 орын қарастырылған. Кеселді емдеуге арналған барлық құрылғылармен жарақталған. Мекемеде 200 оттегі концентраторы бар. Өкпені жасанды желдету қондырғылары да жеткілікті дейді-дәрігерлер. Медициналық мекеме пульмонологиялық орталық негізінде құрылған. Емханада білікті мамандардан тұратын 3 бригада науқастарға кезекпен қызмет көрсетеді.

Ерлан Шәкенов, жұқпалы аурулар госпиталінің жетекшісі:
Емдеу мекемесі барлық қажеттімен жабдықталды. Медициналық препарттар да жеткілікті көлемде. Індетке шалдыққандарға сапалы көмек беруге дайынбыз. Иммундық плазма қоры да бар. Енді басты мақсатымыз - науқастарға дер кезінде, әрі нәтижелі ем жасау.
Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу