Солтүстік Қазақстанда жаңа сүт фермасы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда жаңа сүт фермасы ашылды

24.12.2019

Мың бас сиырға шақталған кешеннің құрылысына 1,2 миллиард теңге жұмсалды. Кәсіпорын бастан-аяқ автоматтандырылған. Сиырды сауатын құрылғының жұмысын бар-жоғы 4 адам қадағалап отырады.Жалпы 28 тұрақты жұмыс орыны ашылды. Кешеннің ерекшелігі әр сиырдың қай уақытта, қанша сүт бергені, салмақ қосқаны, қанша азық жегеніне дейін компьютерлік базада сақталады. Былтыр облыста осындай 4 ферма ашылса, биыл тағы 3-еуі іске қосылмақ. Ал келер жылдан асыл тұқымды мал алатындарға мемлекет тарапынан әр түліктің басына 50 пайыздық жеңілдік берілмек. Сонымен қатар, алдағы жылы кемі 10 заманауи ферма ашу жоспарланып отыр. 

Сағындық Сәбитұлы  


Хабарламаларға жазылу