Жер бетіндегі температура сегіз жыл қатарынан көтеріліп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жер бетіндегі температура сегіз жыл қатарынан көтеріліп келеді

23.09.2022

Ал 2021 өте ыстық жыл болды, дейді АҚШ ғарыш агенттігінің климат бойынша ғылыми қызметкері Кэтрин Кэльвин.

Жалғас Сәдібекұлы, журналист:

Жер шарының тым ысыуы орман өрттерінің көбейуіне, мұздықтардың еруі мен теңіз деңгейінің көтеруі секілді түрлі табиғи апаттарға әкеліп жатыр. Ғалымның айтуынша, қазіргі таңда НАСА ның жиырмадан астам жасанды жер серіктері ғаламдық жылынудың планетаға әсерін тұрақты бақылап отыр. Соңғы елу жылдағы өзгерістер жайлы деректер қоры жиналған. Оны кез келген ғалым пайдалана алады дейді маман. Ал, былтыр күзде ғарышқа ұшырылған ДАРТ планеталық қорғаныс миссиясы осы аптада астероидқа әсер етіп, оның орбитасын өзгертуге тырысады.

Кэтрин Кэлвин АҚШ ғарыш агенттігінің климат бойынша ғылыми қызметкері:

Ғарыш кемесі өткен күзде ұшырылды. Ол астероидқа жақындап қалды. миссия мақсаты — астероид бағытын өзгерту. Бұл астероид жер шарына қауіп төндіріп тұрған жоқ. Десе де 26 қыркүйекте ғарыш кемесі сынақ ретінде оған әсер етіп, орбитасын өзгертіп көреді.

Сондай ақ ғалым халықаралық ғарыш станциясында жүргізіліп жатқан өзге де сынақтар жайлы баяндады. Мысалы қазір ауыл шаруашылығы дақылдары жабық жағдайда диодты шамдардың жарығымен өсіріліп жатыр. Тіпті, НАСА ғалымдары өсімдік тамырларына қоректік заттарды қажетті мөлшерде ғана бағыттайтын тыңайтқыш ойлап тапқан. Бұл тәсілді әлем жаппай қолданса ағын суды үнемдеуге болар еді дейді. Айта кетейік, санкцияның астында қалған Ресей екі жылдан соң ғарыш станциясынан шығатынын мәлімдеген. Мұның халықаралық азаматтық ғарыштық ғылыми зерттеулерге қалай әсер ететіні әзірге белгісіз. НАСА өкілі бұған қатысты нақты жауап бере алмады.

Хабарламаларға жазылу