Сарапшы: Дизель тапшылығына шикізаттың тиімді бағамен шекара асуы себеп
Егін жинау науқаны қызған кезде жанармай тапшылығы туындамауы үшін Үкімет түрлі шектеу енгізіп, нарықты реттеуге тырысып жатыр. Дегенмен жетіспеген дизель отынын шетелден импорттауға мәжбүрміз. Мұнай өңдеу саласының маманы Руслан Туматов мәселені шешудің басқа да жолдары бар дейді.
Руслан Туматов, сарапшы:
Бізде дизель, бензин сияқты ақшыл мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салынған. Бірақ мазут, нафта, мұнай еріткіш қоспалар сияқты жартылай өңделген өнімдерді шетелге шығаруға болады. Сондықтан дизель тапшылығына шетелден келетін жүк көліктері емес, шикізаттың тиімді бағамен шекара асуы себеп болып отыр деп ойлаймын. Оның үстіне біздегі мұнай өңдеу зауыттары шикізатты терең өңдей алмайды. Ал өңдеудің терең технологиясын өзіміз меңгерсек, шикізатты сыртқа тасу тоқтап, дайын өнім экспорттай бастаймыз. Әзірге біздің өнімдер шетелге шығуға дайын емес.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14