Петропавлда құрылыстағы адам өлімі бойнша тергеу аяқталды
Петропавлда құрылыс алаңында жұмысшылардың жаппай газдан улану фактісі бойынша тергеу аяқталды.
Қайғылы оқиға 31 тамыз күні болған. Салынып жатқан Қазақ театрының жанындағы құдықтардың бірін тазалау кезінде белгісіз газдан 3 жұмысшы уланған еді. 20 жастағы жігіт сол жерде қайтыс болды. Қалған екеуі ауруханада емделіп шықты. Мән-жайды анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды. Сарапшылар жұмыс беруші адам өліміне айыпты емес деген байламға келді. Тергеу барысында марқұмның театр құрылысын жүргізіп жатқан компанияда еңбек етпегені анықталды. Оны жұмысшылардың бірі көмекке шақырған.
Гүлнәр Мырзақанова, СҚО бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы:
Жұмысшысы өзі ол жұмысын басқаларға тапсырып отыр. Неге десеңіз ол кісі ертерек жұмыстан сұранбақшы екен. Бірінші қыркүйекте жұмыстарым бар, астанаға баруым керек еді, соған мені ертерек жіберсін деген ойда шақырып, тезірек бітірмекші болған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18
Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті
26.09.2026, 12:53
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27