Әлемде доллардың қымбаттауы шикізат құнын түсірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде доллардың қымбаттауы шикізат құнын түсірді

19.09.2022

Бүгін әлем нарығында мұнай бағасы 1 пайыздан астам төмендеп, Brent маркалы шикізаттың баррелі 90 долларға саудаланды. Ал, АҚШ мұнайы – WTI 1,3 пайыз құн жоғалтып, шамамен 84 долларға сатылды. Бірқатар экономистердің пікірінше, энергетикалық шикізаттың арзандауына жаһандық нарықта мұнайға сұраныс азаяды деген қауіп пен АҚШ долларының күшеюі себеп. Ресей әскері Украинаға басып кіргеннен кейін көмірсутегі 147 долларға дейін қымбаттады. Алайда, дүниежүжізілік экономиканың дамуы баяулайды деген болжамға байланысты, мұнай бағасын наурыздан бері айтарлықтай төмендетіп жіберді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу