Қор биржасында доллар қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қор биржасында доллар қымбаттады

07.07.2022

Таңертең доллар бірден 17 теңгеге өсіп, 483 теңгеге қымбаттады. Қазір қор биржасында Америка ақшасы 477 теңгеге теңесті. Ал ақша айырбастау орындарында 479 теңгеден сатылып жатыр. Көк қағаздың бір күнде мұнша қымбаттауына геосаяси жағдай әсер етіп жатыр. Экономистер алдағы уақытта доллар әлемдік индексін күшейте береді деп есептейді. Сондықтан дамушы елдердің валютасына шаққанда құны өсе түседі. Мақсат Халық Каспий құбыр консорциумының жұмысы тағы тоқтаса, экспорттық әлеует нашарлап, мұның теңгеге қосымша қысым боларын жеткізді.

Мақсат Халық, экономист:

Доллар әлемде өзінің индексін күшейтіп, доллар құны артып келе жатқанын біз байқағанбыз. Және де федералды резервтер жүйесі доллардың кілттік пайыздық мөлшерлемесін маусым айында бірден 1,75 пайызға дейін көтеріп тастады. Бұдан доллардың өзге де валюталарға қатысты құнын арттырғанын байқадық. Дамушы елдердің валютасы да долларға қатысы құнсызданып жатқанын көрдік.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу