Жыл соңына дейін доллар қымбаттауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл соңына дейін доллар қымбаттауы мүмкін

28.07.2023

Жыл соңына дейін доллар қымбаттауы мүмкін. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының сарапшылары осындай болжам жасап отыр. Олардың айтуынша оған екі фактор әсер етуі мүмкін. Біріншісі АҚШ-тың Федералды резервтер жүйесі доллардың пайыздық мөлшерлемесін көтеруі. Бұл Қазақстан секілді дамушы елдердің валютасына кері әсер етеді дейді сарапшылар. Екіншісі мұнай бағасы. Қазір оның құны құбылып тұрғаны белгілі. Сондықтан жыл соңына дейін америка валютасы 7 процентке қымбаттауы мүмкін. Ал қазір доллар 448 теңге төңірегінде сатылып жатыр.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу