Елімізде жылына мыңнан астам адам өндірісте жарақат алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жылына мыңнан астам адам өндірісте жарақат алады

16.09.2022

Оның шамамен 200-і көз жұмады. Сондықтан еңбек қауіпсіздігіне баса мән беру қажет. Осы мәселе Бурабайда өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда талқыланды. Қазіргі міндет – жұмыс орнының талаптарға сай келуін қадағалау. Мұндай шешім былтыр қабылдаған. Алайда жұмыс берушілер тарапынан бұл іс баяу жүріп жатыр. Сондай-ақ жұмысшылардың электронды денсаулық паспортын жасау ұсынылды. Бұл зиянды ортада жұмыс істеп жүргендердің денсаулығын ұзақ мерзімде бақылауға мүмкіндік береді. Сақтандыру саласына да өзгерістер қажет, дейді мамандар.

Ақмәди Сарбасов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары:

2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы бар. Оның аясында жоспарланған шаралар жалғасады. Қазіргі уақытта зиянды жұмыс орындарындағы еңбеккерлерге жұмыс берушілер тарапынан 180 миллиард теңге өтемақы төленеді. Осы жүйені жетілдіру керек. Сондай-ақ кәсіпорындар еңбекті қорғау стандарттарын енгізуді тиімді жүргізу қажет.


Хабарламаларға жазылу