Халық пікірі: Жеті жылдық Президент мандаты елде саяси бәсекелестікті арттыра түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық пікірі: Жеті жылдық Президент мандаты елде саяси бәсекелестікті арттыра түседі

15.09.2022

7 жылдық Президент мандаты елде саяси бәсекелестікті арттыра түседі. Алматы қаласының тұрғындары жолдауда айтылған әлеуметтік бастамаларға қатысты да пікір білдіріп жатыр.

БЛИЦ:

7 жылға сайлану бұл бізге тұрақтылық береді. Яғни, ол демократияның белгісі. Өйткені әлем елдерінде бұл бұрыннан бар нәрсе.

7 жылға мысалы көп отырған адам көп жасайды деп ойлаймын. Елді көркейтіп кетеді деп. 4 жылда үлгермей қалған затын, 7 жылда үлгереді деген сөз ғой.

Қаңтар оқиғасынан кейін осындай өзгерістер болып жатқаны қуантады. Әсіресе жастарды.

Бір жарым жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттен көмек 50 процент қордан беріледі деген. 00:37 Ол жас отбасыларға өте жақсы көмек деп ойлаймын.

Президент мандатының 7 жыл болғаны өте дұрыс шешім. Өйткені ол демократиялық мемлекеттердің қатарына кірудің ең бірінші жолы деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу