Басты Жаңалықтар Қостанайда Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды

Қостанайда Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды

Қостанайда Мемлекет басшысының жақында жарық көрген «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы қалың жұртқа таныстырылды. Онда Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр жылдары айтылған сындарлы пікірі мен тұжырымдары жинақталған. Мемлекетті басқару, заң үстемдігі, білім мен ғылым, жастар саясаты және ұлттық құндылықтарға қатысты бірқатар маңызды тақырыптар қаузалып, топтастырылған. Жиында Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев сөз сөйлеп, әр бөлімнің мән-маңызына тоқталды. Сондай-ақ жастардың ел дамуындағы рөлін айрықша атап өтті. Дөңгелек үстелде бас қосқан зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік орган қызметкерлері мен ұстаздар жинақтағы ой-тұжырымдар жөнінде пікір алмасып, қоғамдағы маңызын талқылады.

Мәлік Отарбаев, ҚР Президентінің кеңесшісі:

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітап өз-өзімізге сұрақ қоюға мүмкіндік береді. Біз еліміздің дамуына қандай үлес қосып жүрміз? Балаларымызға қандай құндылық қалдырамыз? Тәуелсіздігімізді қалай баянды етеміз? Міне, осындай өміршең сұрақтарға жауап беру – бүгінгі саналы ұрпақтың басты міндеті.


Бөлісу