Түркия ғалымдары: Қазақстан – әлемдегі маңызды диалог алаңдарының бірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия ғалымдары: Қазақстан – әлемдегі маңызды диалог алаңдарының бірі

15.09.2022

Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің бүгінгідей аумалы-төкпелі уақытта ұйымдастырылуы-- бейбітшілікті насихаттау үшін өте маңызды. Түркиялық ғалымдар Қазақстандағы дін лидерлерінің жиынына жоғары баға беріп отыр. Өркениетті қоғам құруда діннің ролі қашанда ерекше болған. Сондықтан адамзатты бірігуге, татулыққа үндеген дін басшыларының миссиясы қазіргі әлемге аса қажет дейді сарапшылар.

Әбдіуақап Қара, Түркиядағы мимар синан университетінің профессоры:

Әлемдегі соғысты болдырмау бейбітшілікті қамтамасыз ету ең алдымен адамдар арасындағы, елдер арасындағы түсінісітікке жатады. Осы орайда әлемде бейбітшілікті сақтайтын, татулықты сақтайтын игілікке, жақсылыққа шақыратын әрқашанда діндер болған. Дін басшыларының Қазақстанға келуі өте маңызды. Тағы бір бұл съездің маңыздылығы Ватиканнан Папа келіп жатыр. Бұл нені көрсетеді. Демек 20 жылда Қазақстан осы миссиясында әлем бейбітшілігіне, әлемдер арасындағы түсіністік жұмыстарына сенім орнатқан. Елдер сенгені үшін келіп отыр.

 Өмер Кул, Ыстамбұл университетінің ғылыми зерттеу институты сарапшысы, доцент:

Әлемдік дін басшылары съезінің Қазақстанда өткізілуі Қазақстанның әлемдегі маңызды диалог алаңдарының бірі екендігін көрсетеді. Бүгінде дүниежүзі хаос жағдайында тұр. Әр жерде соғыстар, қақтығыстар, геноцидтер болып жатыр. Бұл жағдайда бейбітшілікті насихаттайтын, адамдарды біріктіруге бағытталған жиын өткізудің маңыздылығы ерекше. Себебі кез келген қақтығыс, түсініспеушілік тек қана диалог арқылы шешілуі тиіс. Діндер съезіне Рим Папасының арнайы келуі бұл жиынның қаншалықты маңызды екендігін айқындап тұр.


Хабарламаларға жазылу