Мемлекет басшысы Ренат Бектұровты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Ренат Бектұровты қабылдады

14.06.2023

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады. Ол орталықтың атқарған қызметінің нәтижесі жөнінде баяндады. Баяндамада орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы, құрылғалы бері атқарылған жұмысы туралы айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын халықаралық аренада еліміздің басты инвестициялық алаңдарының бірі ретінде ілгерілету қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы оның құрамындағы биржаны, реттеушіні және басқа да институттарды әлемдік үздік стандарттар негізінде одан әрі дамыту маңызды екеніне назар аударды.

Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу