Діндер съезі: Дінаралық достықтың үлгісі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Діндер съезі: Дінаралық достықтың үлгісі

14.09.2022

Осы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде ерекше оқиға болды. «Әл-Азһар» ислам университетінің Жоғарғы имамы, шейх Ахмад ат-Тайеб әлемдегі қиын-қыстау кезде күллі адамзат бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ортақ қасіретпен жұмыла күресуі үшін барлық дін өкілдері өзара мәдениет сақтап, әдептен аспауы керегін айтқан. Мысыр елінен келген қонақтың сөзі Израильдің Бас ашкеназ раввині Давид Лаудың көңілінен шыққаны сонша, дінбасы орнынан тұрып, Ахмад ат-Тайебтың қолын алып, ризашылығын білдірді. Бұл бір қарағанда елеусіздеу болғанымен, съездің мақсат-мұратының айқын көрінісі яғни, дінаралық достықтың символын айшықтай түсті.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу