Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданындағы бірқатар ауылдарда төрт түлік әлден қолға қарай бастады. Қуаңшылықтан жайылымда,шабындық та көктемей қалған. Бір орама шөп 15 мың теңге. Кей тұрғындар қолма-қол қаржыға да жем-шөп таппай отыр.
Тарбағатай тауының етегін қоныстанған ауылдардың малы осы жазықта қарақорым болып жататын.Биыл ауыл маңындағы жайылмыдық мүлде көктемей қалған. Шабындық пен жайылымнан тарыққан ауыл тұрғындары малдың қысқы азығын қалай дайындарын білмей дал.
Серік Қартаев, ауыл тұрғыны:
Не малымыз өтпейді. Кеңсай ауылы, ар жағындағы Сартерек сол жақтан тасимыз шөпті. Мына жайылымдықты көріп тұрсыздар. Бұл енді қазан айына жете ме жетпей ме, білмейміз енді. Қыс енді созылып кететін болса, малдың бірақ қырылатын түрі бар.
Айбол Лекеров, шаруашылық жетекшісі:
Енді қазір бір руллон шөп камазға жеткізгенде 14-15 мың теңге. Оның үстіне жайылым мынадай болған соң, малымыз қоңсыз. Алушы келсе де көреді де, кетіп қалады. Ертең біз күн көрісімізден айырлығалы тұрмыз.
Шілікті округіне қарасты 4 ауылдың түлігі жыл он екі ай негізінен жайылымда. Жер де жеткілікті.
Олжас Керейхан, тілші:
Шілікті ауылдық округінде 128 мың гектар жер болса, оның 5 мың гектары егістік алқап.Биыл ерте көктемнен бері бұл өңірде бір тамшы жауын жаумағындықтан қазір егістіктің де, жайылымдықтың да мынадй болып шаңы шығып жатыр. Ал жылда бұл жада қара күзде емініп тұратын. Биыл қылтанақ та жоқ.
Қуаңшылықтан кесірінен қазір қолма-қол қыржыға жем-шөп табу қиын. Табылса да бағасы бас бермей тұр.
Асхат Әбдікәрімов, ауыл тұрғыны:
Зайсаннан әкелдік міне жаңа ғана. 150 мың теңгеге. Енді бесеу алам.150 мыңнан есептеңіз. 800 мың теңге кетеді.
Тек Шілікті ауылының өзінде ірілі-ұсақты 35 мыңнан астам мал бар. Төрт түлікті қыстан аман алып шығу Зайсан ауданы әкмідігіне де үлкен сын болғалы тұр.
Сабыр Әндірбаев, Зайсан аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:
Аудандағы шаруа қожалықтарына Шілікті ауылына көмек ретінде қыркүйек айының 16-17 күндері шөп апарып, аз қамтылғандарға жәрмеңке өткізбекшіміз. Жалпы Шілікті ауылдық округін сол шөппен үнемі қамтамасыз етіп отыруға жұмысты жалғастырып отырамыз.
Биыл шабындықтың түсімі өткен жылдардан 40 пайызға аз. Бұл қуаңшыққа ұшырыған ауылдар үшін жығылғанға жұдырық болып тұр. Аудандағы 250 мың бас малды қыстан аман алып шығу үшін, 165 мың тонна шөп 3 мың тонна жем қажет. Бүгінге дейін оның жартысы ғана дайындалған Ал қыс болса қыр астында.
Олжас Керейхан