Халық пікірі: Мемлекеттік жүйені, басқару ісін жаңғырту – маңызды қадам - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық пікірі: Мемлекеттік жүйені, басқару ісін жаңғырту – маңызды қадам

12.09.2022

Әділетті Қазақстан құру үшін мемлекеттік жүйені, соның ішінде басқару ісін жаңғырту қажет. Еліміздің болашағы осы істің дұрыс жүзеге асуына тығыз байланысты. Президент Жолдауында жұмыспен қамту, жеңілдетілген несие беру мәселелері қамтығаны әбден құптарлық, дейді көпшілік.

7 жыл сол реформаларды нақты жүзеге асыруға жететің уақыт-деп білемін. Екіншіден екінші рет сайлауға түспеуі Бұл бірінші жағдайдан жаңағы өзінің туыстарына немесе өз жеке басының пайдасын ойлап кетіп, коррупцияға бұрылып кетпеуіне үлкен мүмкіндік береді. 7 жылда жаңа жүйе қалыптасып отырады. Бұлда еліміздің дамуына өзінің жақсы бір пайдасын қосады-деп түсінемін.

7 жыл деген аз уақыт емес. 7 жылда бірнеше бастамаларға қол жеткізуге болады. Мысалы, шетелдермен келіссөздер жүргізіп, шешілмеген мәселелер шешілсе жаңа Қазақстанның дамуына үлес қосады деген ойдамын.

Президентіміздің жолдауын оқып сол жақсы бір салаларда, дұрыс тұрғыда жақсы бағдарлама жасап отыр. Халқымыздың әлеуметтік джағдайы, тұрмыстық жағдайы көп түзеледі ме деп ойлаймын.

2-3 пайызбен несие берейін деп жатыр. Ол енді кәсіп ашамын деген азаматтарға, азаматшаларға өте бір жақсы көмек деп біліп отырмын мен. Мүмкін бір адамдар кәсіп ашқылары келеді, бірақ олардың қаражаты жоқ. Сондықтан да осы 2-3 пайыз несие беру арқасында өздерінің кәсібін ашып, еліміздің экономикасына өркендетуге бір жол ашады деген ойдамын.

Жолдаудан үміт күтіп отырғанымыз мынау. Егер президентімізді осы күзед, осы мерзімінде сайлап алсақ жалпы халық борлып, міне «Жаңа Қазақстанға» нағыз қадам басталды деп санаймыз. Елшіл, патриот азаматтарды тартса, жаңа көзқарасы бар партияларды тіркеуден өһткізетін болсақ, жеңілдетемін деп жатыр ғой партияларды тіркеуді, әрине халық қазір барлығын түсінеді, біледі.


Хабарламаларға жазылу