Жұмабек Сарабек: Алдаға онжылдықта мұнай өндірісі артады деген жоспар бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмабек Сарабек: Алдаға онжылдықта мұнай өндірісі артады деген жоспар бар

11.09.2022

Сарапшылардың «әлемді энергетикалық дағдарыс күтіп тұр» дегені болжамнан ақиқатқа айналып барады. Қазақстанға да бұл жағдай әсер етпей қоймайтыны анық. Бұл жағдайда еліміз не істеуі керек? Саясаттанушы Жұмабек Сарабекпен талқыласақ. 

Ресейдің «солтүстік ағын» магистральды газ құбырын тоқтатуы ЕуроОдақтың энергетика саласындағы келіспеушіліктерін көрсетті. Шетелдік сарапшылар «қазіргі дағдарыс болашақта жаңа одақтар картасын қалыптастырады» деп отыр. Бұл картаға Азия, оның ішінде Қазақстан кіреді деп ойлайсыз ба? Әлде өзімізге газ жетпей жатқандықтан, жағдайды ұтымды пайдалана алмаймыз ба?

- Осы аптада Энергетика министрі Болат Ақшолақов Солтүстік Қазақстанды газбен қамту үшін «Сарыарқа» құбырының құрылысы жалғасатынын айтты. Министр солтүстік пен шығысты байланыстыру үшін алғашқы кезеңде Ресейден газ тасымалдаймыз деп отыр. Қазір көрші елмен келіссөздер жүріп жатыр. Әлемдегі жағдайды ескерсек, Қазақстан қандай саясатты ұстана алады?

- Мұнайға келсек. АҚШ Ресей мұнайын сатып алғандарға санкция саламыз деп отыр. Желтоқсанның 5-нен Ресейдің қара алтынын теңіз жолымен тасуға тыйым салынып отыр. Нарыққа, Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін? Шілдеде КТК-да жұмыс тоқтатылып, экономикамызға кері әсер еткені есімізде. Президент Транскаспий бағыты бойынша мұнай тасымалдауға арналған жаңа танкерлерді әзіреу керек, - деді. Бұл қаншалықты тиімді әрі жуық арада іске қосылуы мүмкін бе?


Хабарламаларға жазылу