Дін көшбасшыларының бір жерде бас қосуы – бейбітшілікті нығайтудың озық үлгісі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дін көшбасшыларының бір жерде бас қосуы – бейбітшілікті нығайтудың озық үлгісі

09.09.2022

Сарапшылардың пікірінше, әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі – халықаралық маңызды оқиға. Себебі іс-шара Қазақстанның жаһандық қоғамдастықтағы рөлін көрсетеді. Шынайы және дәйекті дін құндылықтарын, әсіресе діннің әлем тыныштығын сақтаудағы миссиясын айқындайды. Алматыда дөңгелек үстел өткізген сарапшылар мен теолог мамандар дін өкілдерінің адамзат өркениетіндегі алар орнын талқылады.

Айнұр Құрманәлиева, дінтанушы:

Діни қауіпсіз ортада өмір сүреміз деген және осы съездің нәтижелерін біліп, жалпы біздің діни көсемдердің жасап жатқан іс-қимылдарын мемлекет деңгейінде, дін саласындағы саясатта не жасалып жатқанын білу үшін. Және соны әрі қарай іске асыруға әркім өз үлесін қосатын болса жақсы нәтижеге жете аламыз деген ойдамын.


Хабарламаларға жазылу