Жаһанды бейбітшілікке үндейтін Қазақстан бастамаларын құрметтеймін – Митрополит Антоний - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаһанды бейбітшілікке үндейтін Қазақстан бастамаларын құрметтеймін – Митрополит Антоний

06.09.2022

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі – бейбітшілікті, келісімді, дінаралық диалогты нығайтуға елеулі үлес қосатын маңызды жиын. Мәскеу Патриархатының өкілі Митрополит Антоний осылай деді. Түрлі дін өкілдері бас қосатын жиынға орыс православие шіркеуінен арнайы делегация қатыспақ.

Митрополит Антоний, Мәскеу патриархаты сыртқы шіркеулік байланыстар бөлімінің төрағасы:

Осы жолы біз барлық адамзатқа төнген қауіп-қатер туралы әңгіме өрбітеміз. Рухани лидерлер салмақты ұсыныстар мен құнды пікірлерін айтады деп үміттенеміз. Съез адамзаттық құндылықтарды насихаттап, әртүрлі дін өкілдерінің байламын тоғыстырады. Осы орайда мен жаһанды үнемі бейбітшілікке үндейтін Қазақстанның бастамаларына құрметпен қараймын.

Хабарламаларға жазылу