Елуден астам халқы бар ауылдарға медициналық пункт ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елуден астам халқы бар ауылдарға медициналық пункт ашылады

09.09.2022

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында қолға алынған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру кезінде 650 ауылды медициналық инфрақұрылыммен жабдықтау жоспарланған. Сонымен бірге, халықты қынжылтқан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жеңілдету жайы да сөз болды.

Қазір студиямен тікелей байланысқа шыққан әріптесіміз Асылбек Данияр ақпарат беруге дайын. 

Асылбек Данияр, тілші:

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, Президенттің тапсырмасы 2024 жылдың соңына дейін орындалады. Яғни, бірашама елді мекенде медициналық мекелер пайда болады. Мемлекет басшысының ауыл халқына алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қолжетімділігін арттыру тапсырмасы төңірегінде 50 адамға дейінгі ауылдарда медициналық көмекпен қамтамасыз ететін бір қызметкер бөлінеді. Халық саны 500 адамға дейінгі елді мекендерде медициналық пункт, 1500 адамға дейінгі ауылдарда фельдшерлік-акушерлік пункт ашылады. Ал 5000 адамға дейінгі ауылда дәрігерлік амбулатория, 5000-нан асса алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары ашылады. Бұдан бөлек, ауылда жұмыс істейтін медицина мамандары үшін жағымды жаңалық бар. Жергілікті бюджеттен мамандарды ынталандыру үшін әр дәрігерге 1 миллионнан 5 миллионға дейін көтерме төлемдер төленеді. Сондай-ақ, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы отандық «QAZVAC» вакцинасын тіркеуден бас тартқан. Оның себебін кешкі жаңалықтарда тарқатып айтамын.

Хабарламаларға жазылу