АҚШ Украина мен одақтастарына 2 млрд 800 миллион доллар көмек бөлмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Украина мен одақтастарына 2 млрд 800 миллион доллар көмек бөлмек

09.09.2022

Мұндай шешімді елдің қорғаныс министрі Ллойд Остин АҚШ-тың Германиядағы әуе базасында жариялады. Қаражат Украина мен оған көршілес 18 мемлекеттің қауіпсіздігін арттыруға инвестиция түрінде бөлінеді. Соның ішінде Киевке 675 млн долларға қару-жарақ беріледі. Дәлірек айтсақ, Украина армиясының арсеналы оқ-дәрі, хамви жүк фургондары мен танкіге қарсы жүйелермен толығады. Украинада қарулы қақтығыс басталғалы бері мыңдаған адам қаза тауып, көптеген қала қирады. Соңғы апталарда Запорожье атом электр станциясындағы жағдайға қатысты алаңдаушылық артты.

Хабарламаларға жазылу