Ақын Иран-Ғайып 75 жасқа толды
Алматыда ақын, драмматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Иран-Ғайыптың 75 жылдық мерейтойына орай шығармашылық кеш өтті. Ақын өз туындыларында жаратылыстың ұлы феномені - адамды басты нысана ете отырып, оның бүкіл болмысындағы күйініші мен сүйінішін, қуанышы мен мұңын сезімталдықпен жеткізе білді. Иран-Ғайыптың алғашқы «Жүрек жырлайды» атты жинағы 1974 жылы жарық көрді. Ал 2002 жылы «Қорқыттың көрі» атты жыр кітабы үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. Сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанда тұңғыш өткен жазба ақындар жыр мүшайрасының бас жүлдесін иеленген. Иран-Ғайыптың жақұт жырлары, өлмес өлеңдері мен поэмалары, аудармалары қазақ поэзиясының алтын қорына енген.
Ереке Құлкенов, жазушы:
Алғашқы өлеңінен бастап қазақ поэзиясына өзінің сара жолын салып келген ерекше ақын. Оның жазу стилі, ойын жеткізе білуі, ойын ірікпей айта алатыны, батылдығы, ержүректігі көп ақындарда жоқ нәрсе. Сондықтан Иранбектің жөні бөлек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07