Жастардың әлеуметтік жағдайын шешу – Жолдаудағы басты мәселелердің бірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастардың әлеуметтік жағдайын шешу – Жолдаудағы басты мәселелердің бірі

08.09.2022

Оқу гранттарының саны артып, оған ілінбеген жастарға төменгі пайызбен несие беру бастамасы көптің көңілінен шығып отыр. Президенттің мемлекеттік жекеменшік серіктестік негізінде жатақхана салу тапсырмасы да ілім-білім іздеген жастардың әлеуметтік мәселесін шешуге септігін тигізбек. Талдықорғандағы Жетісу университетінде 5 мыңдай шәкірт білім алады. Мемлекет басшысының өз жолдауында білім саласына айрықша тоқталғанын оқу орнының ұжымы жақсылыққа балап отыр

Қуат Баймырзаев, І. Жансүгіров атындағы жетісу университетінің ректоры:

Бұл ең дұрыс бағыт деп ойлаймын. Өйткені әр студент болашақ алған несиелерін кейін өздері жұмысқа тұрғанда қайтара алатын болады. Одан кейін грантқа жүз пайыздық грант алу үшін мектепте жақсы оқу керек болады. Сондықтан да бұл ынталандырады.


Нұрлан Серғалиев, М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры:

Жоғары білімді несиелеу - біз көптен бері айтып келе жатқан, бәріміз күткен бастама. ҰБТ тапсыра алмаған балалар оқуына төмен пайызбен несие алса, ол да бір көмек. Ал грантты баланың тестілеудегі нәтижесіне қарап 30-дан 100% пайыз аралығында бөлуді қарастыру да орынды. Педагогикалық кадрлардың сапасына көңіл бөлгені өте маңызды. Президент тапсырмасымен педагогикалық кадрлардың "Болашақ" бағдарламасымен оқуына басым бағыт берілгені бізді қуантады.


Хабарламаларға жазылу